Юкио Хатояма Жапонияның жаңа Премьер-министрі болып сайланды

ТОКИО.     Қыркүйектің 16-сы.  ҚазАқпарат  - Жапонияның  Демократиялық партиясының    жетекшісі  Юкио  Хатояма    сәрсенбі күні   Парламенттің  төтенше сессиясында басым дауыспен  елдің жаңа Премьер-министрі  болып сайланды.    Жаңа премьер  жетекшілік ететін Жапонияның  Демократиялық партиясы   тамыздың 30-ында     Парламенттің төменгі  палатасына өткен  сайлауда    жеңіске  жеткен болатын,

Юкио  Хатояма   Жапонияның  жаңа  Премьер-министрі  болып сайланды

деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Елдің  жаңа премьері  сайлаудан кейінгі   жаңа  Парламенттің  бірінші   отырысында сайланып  отыр.   Демократиялық партияның   жетекшісі 480 дауыстың 327-сін алды.

Жапонияның    Демократиялық   партиясы  480 мандаттың   308-ін алып,   Парламенттің  төменгі   палатасына өткен   сайлауда   жеңіске  жеткен  еді.