Юлия Галышева АҚШ-тағы Әлем Кубогының суперфиналына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Вотервилль қаласында фристайл-могулдан Әлем Кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлім етті. 

Юлия Галышева
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Жекелей сында отандасымыз Юлия Галышева жүлде жолындағы ақтық сынға шығып, 6-сатыдан көрінді (71.06 ұпай).

Қалған Ұлттық құрама спортшыларының нәтижесі

Әйелдер:
Анастасия Городко 9-орын
Аяулым Әмренова 26-орын

Ерлер:
Павел Колмаков 21-орын
Антон Бондарев 39-орын
Фёдор Бугаков 43-орын

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан жеңіл атлетикадан Астанада өткен әлемдік турнирде екі медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар