09:16, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
Юлия Галышева - әлем чемпионатындағы могулда бесінші орында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австриялық Крайшбергте фристайлдан чемпионат өтуде. Әйелдер могулдан өзара мықтыларын анықтады, деп хабарлады Sports.kz.
Канадалық Жюстин Дюфур-Лапуан 87.25 ұпай нәтижесімен топ жарды, екінші орынға АҚШ өкілі Ханна Кирни (85.66), үшінші орынға - австралиялық Бриттени Кокс (81.98) ие болды.
Қазақстандық спортшы Юлия Галышева 79.30 ұпай нәтиже көрсетіп, бесінші сатыға тұрақтады.
Фристайл. Әлем чемпионаты. Крайшберг (Австрия), Могул. Әйелдер.
1. Жюстин Дюфур-Лапуан (Канада) - 87.25 2. Ханна Кирни (АҚШ) - 85.66 3. Бриттени Кокс (Австралия) - 81.98 5. Юлия Галышева (Қазақстан) - 79.30.