Юлия Галышева әлем кубогында «күміс» алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, финалда жерлесіміз 80.17 ұпаймен екінші орын иеленді. Бірінші орында франциялық Перрин Лаффон. Ол 82.26 ұпай жинады. Үздік үштікті америкалық Тесс Джонсон қорытындылады.

Сондай-ақ, ерлер арасында сынға түскен Дмитрий Рейхерд бесінші орыннан көрінді.

Еске сала кетейік, Юлия Галышева 2018 жылдың қорытындысы бойынша қысқы спорт түрлерінен үздік спортшы атанды.

Соңғы жаңалықтар