Юлия Галышева Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетпейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда фристайл-могулудан Әлем кубогы басталды. Алайда, өз алаңында Қазақстан командасының көшбасшысы Юлия Галышева өнер көрсетпейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Юлия Галышева Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетпейді

Ресми түрде бұл ақпарат расталды. Жарысқа қатыспауына таңертеңгілік жаттығуда Голышеваның жарақат алғаны себеп болды.

Жарақатының сипаты мен басқа да мәліметтер кейінірек белгілі болады.