Юлия Ли маунтинбайктан Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
АСТАНА.KAZINFORM — Ташкентте (Өзбекстан) маунтинбайктан 2026 жылғы Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.
23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Юлия Ли тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Қазақстандық спортшы XCC дисциплинасында қола медаль еншіледі.
Алтын медальді Ван Тин (Қытай) жеңіп алды. Оның командаласы Гун Сыин мәреге екінші болып жетті.
Айта кетейік, құрлық біріншілігінде ел намысын сегіз спортшы қорғауда. Азия чемпионаты 27 маусымда аяқталады.
Маунтинбайктан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімімен мына жерден таныса аласыздар.