Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 38-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 24-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовамен өткізді.

Қарсыластар осыған дейін бір рет жолығысып, онда америкалық спортшы ұтқан еді.

Бұл жолы қазақстандық теннисші 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Ю.Путинцева 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 брейкпен (14 брейк-пойнт) шектелді.

Ю.Путинцева екінші айналымда германиялық Юле Нимайер немесе 2020 жылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, америкалық София Кениннің біреуімен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында жеңіліп қалды.





Фото: sport.kz


Соңғы жаңалықтар