Юлия Путинцева Брисбен турнирін жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Юлия Путинцева Брисбен (Аустралия) турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іріктеу сайыстарының 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 142-орында тұрған ұлыбританиялық Хэрриет Дартпен кездесті.

Соған қарамастан, матч тартысты өрбіді.

Бірінші партияда есеп 5:4 болған мезетте Путинцева брейк жасай білді - 6:4. Ол екінші сетті де жеңіспен тәмамдай алды - 6:3.

Бәсеке 1 сағат 41 минутқа созылды.

Юлия іріктеу сайыстарының жартылай финалында америкалық Мэдисон Бренгл немесе украиналық Катарина Завацкаяның біреуімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның жаңа жылдың беташар матчын Брисбенде өткізетінін, ал Зарина Диястың Гонконгта финалға шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар