Юлия Путинцева Катарда турнирдің негізгі сетіне өтті

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Дохада өтіп жатқан WTA Qatar Total Open 2013 турнирінің негізгі сетіне өтті, деп хабарлады Vesti.kz.

Юлия Путинцева Катарда турнирдің негізгі сетіне өтті

Біліктілік мәресінде 18 жастағы қазақстандық украин Ирина Бурясты 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Атап өтейік, Путинцева WTA рейтингінде 99-шы, ал 26 жастағы украиндық спортшы қыз 333-шы орында.

Қазақстанның тағы бір өкілі, теннисші Зарина Дияс өзінің соңғы матчында ресейлік спортшы Екатерина Бычковадан 1:6, 3:6 есебімен ұтылып, есе жіберіп алды.