Юлия Путинцева Мароккода Рабат турнирін жеңіспен бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Марокко астанасы Рабатта өтіп жатқан WTA 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Топырақ төсенішінде өтіп жатқан жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 1230-орында тұрған марокколық Ая Эль-Аунимен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда үш брейк жасаған Ю.Путинцева айқын басымдылық көрсетті – 6:1. Ол екінші сетте де 3:0 есебімен алға кетті. Әйтсе де бұдан кейін жергілікті теннисші таразы басын теңестірді.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс, 1 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады.

Юлия Путинцева жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 129-ракеткасы, франциялық Леолия Жанжанмен таласады. Л.Жанжан үш сағатқа созылған бастапқы кездесуінде рейтингте 376-сатыдағы румыниялық Габриэла Лиді 7:6 (7:4), 5:7, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Рабат жарысы 27 мамырда аяқталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы болғанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар