Юлия Путинцева Рабаттағы турнирдің алғашқы матчында жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Рабаттағы (Марокко) турнирдің екінші кезеңіне өтті. Ол жарыстың бірінші айналымында америкалық Элисон Рискені екі сетте - 6/3, 7/6(1) есебімен жеңді.
Grand Prix SAR La Princesse Lalla Meryem турнирінің 1/4 финалына шығу үшін Путинцева екі сетте австралиялық Анастасия Родионованы 6/1, 6/4 есебімен жеңген неміс өкілі Татьяна Мариамен кездеседі, деп жазды ports.kz.