Юлия Путинцева WTA рейтингінің ТОП-50-іне қайта оралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) апта сайынғы кезекті рейтингі жарияланды, деп хабарлады Sports.kz.
Бірінші орында бұрынғыша чехиялық Каролина Плишкова қалды, екінші - румындық Симона Халеп, үшінші орында испандық теннисші Гарбинье Мугуруса.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева болса екі сатыға жоғары көтеріліп, ТОП-50-ді тұйықтады. Ярослава Шведова 81-орында қалды. Зарина Дияс бір сатыға төмен түсіп, 108-болды. Жұптық разрядта Шведова 23-орнын сақтап қалды.
Айта кетейік, осы күндері Американың Нью-Хейвен қаласында өтіп жатқан турнирде Юлия Путинцева өзінің алғашқы матчында жеңіліс тапты.
Путинцева француз Ализе Корнеге 0:6, 0:6 есебімен ұтылды.