Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде әлемнің 11-ші ракеткасынан жеңіліп қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Теннистен Қазақстан командасының өкілі Нинбода (Қытай) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.
Ол әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен ойнады.
Матч үш сетке созылды. Ойын 6:4, 1:6, 7:6 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.
Бұған дейін қазақстандық, әлемнің 488-ракеткасы Зарина Дияс Кайсери (Түркия) ITF W50 турнирінің ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.