Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде үшінші жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 79-ракеткасы Юлия Путинцева Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты.
Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 59-ракеткасы, түркиялық Зейнеп Сонмезбен кездесті.
Бірінші партияда есеп 5:4 болғанда, Путинцева үш сетболды пайдалана алмады — 6:7 (1:7).
Есесіне екінші сетте Юлия есе қайырды — 6:3.
Содан кейін шешуші, үшінші партияда таразы басын аудара білді — 7:5.
Екі сағат 54 минутқа созылған тартысты бәсекеде Путинцева 16 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Сонмез 5 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Ю.Путинцева Уханьда іріктеу сайысын қосқанда, үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдермен таласады. Ол рейтингіде 54-сатыдағы ұлыбританиялық Кэти Бултерді жолдан тайдырды — 6:3, 6:1.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Қытайдағы турнирде негізгі кезеңге өткенін жазған едік.
Шанхай мастерс турнирінде Александр Бублик қарсыласын камбэкпен жеңді.
Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде көшбасшылық орнын сақтап қалды.