Юлия Путинцева Страсбургтегі турнирдің негізгі кезеңіне өтті

Путинцева
Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның екінші, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева Страсбург WTA 500 турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді. 

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 66-ракеткасы, америкалық Эшлин Крюгердің мысын басты.

Бірінші партияда Путинцева бет қаратпады - 6:1. Екіншісінде Крюгер артығымен есе қайырды - 6:0. Үшінші, шешуші сетте Юлия жеңісті жұлып алды - 6:3.

Бір сағат 31 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Крюгер 5 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Юлия Путинцева Франциядағы жарыстың негізгі кезеңіне жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Франциядағы Лион турнирінде бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram