Юлия Путинцева WTA рейтингінде 78-орынға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM- Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жаңартылған WTA рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Sports.kz.

Юлия Путинцева
Фото: Sports.kz

Қазақстанның жекелей сындағы екінші ракеткасы алты сатыға көтеріліп, 84-орыннан 78-орынға шықты.

Еске салайық, Юлия Путинцева US Open-2026 турнирінің бірінші айналымында швейцариялық теннисші Белинда Бенчичті (12-орын) сенсациялық түрде 4:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Алайда екінші айналымда қытайлық Чжэн Циньвэньге (69-орын) 4:6, 6:2, 1:6 есебімен жол берді.

Чжэн Циньвэнь кейін турнирдің ширек финалына дейін жетіп, онда Қазақстанның тағы бір өкілі, кейін чемпион атанған Елена Рыбакинадан (1-орын) 6:3, 1:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды.