02:24, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
Юлия Тимошенко Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Украинаның экс-премьер-министрі Юлия Тимошенко бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды.

Тізімде сондай-ақ ресейлік құқық қорғаушы Светлана Ганнушкина да бар, деп хабарлады Ресей жаңалықтар қызметі.
Тізімге 188 адам енгізілген, Нобель комитетінің пікірінше, олардың арасында бейбітшілік үшін күреске қомақты үлес қосқан танымал адамдар, сондай-ақ 43 ұйым бар. Ең танымал қайраткерлердің арасында Билл Клинтон, Гельмут Коль, Тунис президенті Монсеф Марзуки, американдық әскери талдамашы, WikiLeaks-пен ынтымақтасқандығы үшін трибуналға тартылған Бредли Миннинг енген.
Атап өтерлігі, үкіметкерлер тізіміне «араб көктемі» оқиғаларын белсенді жариялап көрсеткен «Әл-Жазира» телеарнасы да іліккен. Сыйлық лауреаттары желтоқсанда белгілі болады.