Юлия Тимошенко Украинада 25 мамырда өтетін президент сайлауына қатыспақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко Харьковтен Киевке ұшар алдында елде ағымдағы жылдың 25 мамырында өтетін сайлауға қатысатын ниеті барын білдірді, деп хабарлайды РБК "Россия 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Юлия Тимошенко Украинада 25 мамырда өтетін президент сайлауына қатыспақ

Ресей мен Украина арасында газға қатысты келіссөздер жүргізу барысында өз қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айыппен жеті жылға сотталған Тимошенко ханым ем алып жатқан ауруханадан шығып, бостандыққа бет алған.

Сәл бұрын аталмыш елдің депутаттары N4166 «Украинаның Юлия Тмошенконы босатуға қатысты халықаралық міндеттемелерін орындау туралы» қаулыны қабылдаған болатын. Бұл шешім үшін 322 халық қалаулылары дауыс берген.