Юлия Тимошенконың түрмеден шығуына мүмкіндік туды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина Жоғарғы Радасы елдің экс-премьері Юлия Тимошенконы босатуға мүмкіндік беретін заңды қабылдады.Жоғарғы Рада жемқорлыққа қарсы БҰҰ-ның 19-конвенция бабының қағидасын ұлттық заңнамаға қолдану туралы Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге өзгерістерді қабылдады.

Юлия Тимошенконың түрмеден шығуына мүмкіндік туды

Бұл заңға халықтық депутаттардың 310-ны дауыс берді. Құжатты талқылау барысында депутаттар бұл заңнама Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконы босатуға мүмкіндік беретінін мәлім етті.