Юн Сок Ёль: Әскери жағдай – қылмыс емес

АСТАНА. KAZINFORM – Юн Сок Ёль әлеуметтік желіде өз қолымен жазған мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды Kazinform Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Юн сок Ёль
Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяның биліктен қуылған президенті Юн Сок Ёль сәрсенбі күні әскери жағдай енгізу қылмыс емес екенін мәлімдеді.

Ол тергеушілер ұстағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң Facebook желісіндегі жазбасында бұрынғы мәлімдемелерін қайталады.

- Әскери жағдай – қылмыс емес. Әскери жағдай – бұл ұлттық дағдарыспен күресу үшін президенттік өкілеттіктерді пайдалану, - деп жазды ол мәлімдеме астына суретін қоса салып.

Юн Сок Ёль оның қызметінен шеттетілуі соғыс жағдайын жариялауды көтеріліспен теңестіру теориясына негізделгенін мәлімдеп, оны «сандырақ» деп атады.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Корея соты 14 желтоқсанда парламентте импичмент жариялау нәтижесінде өкілеттігі тоқтатылған Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльді тұтқындауға және тінту жүргізуге ордер берді.

Полиция Оңтүстік Корея президентін қамауға алды.

Ал бұған дейін Юн Сок Ёльге импичмент жариялау бойынша алғашқы тыңдау 4 минутта аяқталған. 

Соңғы жаңалықтар