ЮНЕСКО: Әлемде балаларға білім беру деңгейі төмендеп барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО көптеген елдерде балалар білімі төмен деңгейде екенін мәлімдеді.
Баяндамадағы мәліметтерге қарағанда, дүние жүзінде 250 миллионға жуық балғын оқу, жазу және санауды білмейді.
Сонымен қатар әлемнің үштен бір бөлігіндегі мұғалімдердің 25 пайызында дайындықтың төмен деңгейі анықталып отыр.
ВВС-дің жазуынша, пәкістандық Синд провинциясындағы кейбір мектептерде мұғалімдер жеткіліксіз. Осы орайда жасы үлкендеу балалар төменгі сыныптардағы оқушыларды оқытуға мәжбүр болып отыр.