ЮНЕСКО басшысы БҰҰ бас хатшысы орынтағына үміткер болу ниетін қуаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО Бас хатшысы Ирина Бокова БҰҰ Бас хатшысы орынтағына үміткер болу ниетін қуаттады. Бұл туралы болгар саясаткері жексенбі күні «Нова телевизия» болгарлық телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.
«Алдағы БҰҰ бас хатшысын сайлау тақырыбына толық шоғырландым. Ұлттық жауапкершілікті сезінемін және олай (сайлану) болуына жақсы мүмкіндігім бар деп ойлаймын. Сайлауда жеңіп шығатынымды дәлелдедім», - деді Бокова.
«Болгариядан үміткер болып түскім келетінін әрқашан атап көрсетемін, бұл ең маңыздысы», - деді ол. - Өйткені бұл лауазымда адам барлық мүдделі тараптардың қолдауына ие болуы тиіс. Әрине, ең алдымен, Қауіпсіздік кеңесі тұрақты мүшелерінің қолдауы қажет».
Бокова оның кандидатурасын халықаралық көшбасшылар көбірек қолдап отырғанын баса айтты, дегенмен бұл тақырыпта Болгарияда әртүрлі ұстанымдағы материалдар көбірек пайда болып отырғанын жеткізді. «Мені сыртқы қолдау ұлғаюымен бірге әртүрлі ұстанымдағы, қаралайтын жарияланымдар көбейе бастағаны өкінішті. Бәріне бірдей ұнау мүмкін емес, сонымен қатар барлығының бірдей біреудің пікірімен келспеуі де мүмкін. Бірақ та мен өзімді қолдайтын күштерді біріктіре аламын деп ойлаймын».
Жексенбі күні Болгария дипломатиялық достастығы мен Халықаралық қатынастар ұлттық қауымдастығының Бокованың кандидатурасын қолдаған және оны БҰҰ Бас хатшысы лауазымына ұсынған ашық хаты жарияланды.
Болгария премьер-министрі Бойко Борисов пен сыртқы істер министрі Даниель Митовқа жолданған құжатта Болгарияның Бүкіләлемдік ұйымдағы және әлемдік дипломатиядағы саяси салмағын арттыруда «Ирина Бокова - жақсы мүмкіндік» деп атап көрсетілген.