ЮНЕСКО мұсылман ғалымы еңбегін жоғары бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы алдағы 2015 жылы мұсылман ғалымы Ибн әл-Хайтхамның шығармашылығы мен өмірін елге кеңінен таныту мақсатында арнайы бағдарлама қабылдады деп хабарлады www.muslim.kz.

ЮНЕСКО мұсылман ғалымы еңбегін жоғары бағалады

Ибн әл-Хайтхам әлемге аты «заманауи оптиканың әкесі» деген атаумен танылған мұсылман ғалымы.

«Халықаралық жарық жылы-2015» атауымен өтетін ғалым мұрасына арналған шараның ресми ашылуы 2015 жылдың 14-15 қаңтарында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде өткізіледі.

Игі шара барысында ибн әл-Хайтхамның 1001 интерактивті экспонаты қойылады, жаңашыл ғалымның еңбектері таныстырылады, семинарлар өткізіледі.