ЮНЕСКО-ның атқарушы кеңесі И.Бокованы ұйымның бас директоры етіп тағайындады

АСТАНА. 5 қазан. Қазақпарат - ЮНЕСКО-ның 58 мемлекет мүшесі бар өкілдерінен тұратын атқарушы кеңесі болгариялық Ирина Бокованы екінші төрт жылдық кезеңге ұйымның бас директоры етіп тағайындады, деп жазылған ұйымның хабарламасында. Сайлау алдындағы таласқа үш үміткер түсті. Олар: И. Бокова, Джибутидан Рашид Фара және Ливаннан Жозеф Маила.
None
None

2013 жылдың 12 қарашасында атқарушы кеңестің шешімі Бас конференция мақұлдауына ұсынылады. Оған ЮНЕСКО-ға мүше 195 мемлекет өкілдері қатысады.

И.Бокова 1952 жылы Софияда дүниеге келген. Ол ЮНЕСКО-ның бас директоры болып 2009 жылы қазан айында осы қызметтегі бірінші әйел ретінде сайланған болатын. 2009 жылдың қазанына дейін ол Болгарияның Франциядағы елшісі және осы елдің ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі қызметін атқарды. Кәсіби дипломат және Болгария парламентінің мүшесі И.Бокова сонымен бірге, Сыртқы істер министрі орынбасары және Сыртқы істер министрі қызметтерін де атқарды.

Соңғы жаңалықтар