ЮНЕСКО-ның бас директорлығына алғаш рет әйел адам сайланды
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО ұйымына алғаш рет әйел адам басшылық ететін болды. БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымының бас директоры қызметіне ұсынылған Болгарияның Франциядағы Елшісі Ирина Бокова үшін ЮНЕСКО Атқарушы Кеңесінің барлық мүшелері дауыс берді,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын 1976 жылы бітірген Ирина Бокова ханым - кәсіби дипломат. БҰҰ жанындағы болгар тұрақты өкілдігінде жұмыс істеген, елдің сыртқы істер ведомствосын басқарған. Соңғы кездері Болгарияның Париждегі елшісі және ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі болған.
Әлемдік мәдени мұралардың бас сақтаушының рөлін атқарушы ЮНЕСКО қазіргі уақытта толық мүше болып табылатын 193 мемлекеттің және қауымдасқан мүше ретіндегі тағы 6 елдің басын қосып отыр.