ЮНЕСКО-ның білім беруді дамыту индексі бойынша Қазақстан ТМД-да бірінші орында келеді

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - ЮНЕСКО ұйымының зерттеуіне сәйкес Қазақстан білім беруді дамыту индексі бойынша ТМД елдерінің ішінде бірінші орында келеді.

ЮНЕСКО-ның білім беруді дамыту индексі бойынша Қазақстан  ТМД-да бірінші орында келеді

Бұл туралы бүгін Астанада басталған Қазақстан Республикасы математика пәні мұғалімдерінің I-съезінің ашылу салтанатында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Аталған зерттеу бойынша Қазақстан ТМД-да бірінші орынға ие болса, индекске қатысқан әлемнің 129 мемлекеті ішінде 4-ші орында келеді. «Биыл отандық білім беруді дамытуға бөлінетін мемлекеттік шығыстардың көлемі 900 млрд. теңгені құрайтын болады. Бұл елдің ішкі жалпы өнімнің 4,2 пайызы. Осылайша біз ЮНЕСКО ұсынған 5,6 пайыздық көрсеткішке жақындап келеміз», - деп атап көрсетті Б.Жұмағұлов.