ЮНЕСКО-ның білімді дамыту жөніндегі халықаралық индексі бойынша Қазақстан бірінші орында келеді
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2009 жылы ЮНЕСКО-ның білімді дамыту жөніндегі халықаралық индексі бойынша Қазақстан бірінші орында келеді.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Ырсалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2006 жылдың қорытындысына негізделген аталған индексті әзірлеу кезінде халықтың бастауыш және орта біліммен қамтылу деңгейі, азаматтардың жалпы сауаттылығы, ерлер мен әйелдердің білімге деген толық қатынасы сияқты гендерлік саясат мәліметтері және тағы басқа қосымша көрсеткіштер ескерілген. Серік Ырсалиевтың айтуынша, ЮНЕСКО-ның индексінде Қазақстан 0,995 көрсеткішімен Жапония, Германия, Ұлыбритания, Норвегия және басқа елдерден озық шықты.