ЮНИСЕФ: Әрбір бес минут сайын әлемде бір бала ажал құшады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық ЮНИСЕФ басылымы әлемдік қауымдастықты балаларға қарсы күш көрсетумен күрестің жаңа формаларын табуға шақырды.
Ондағы мәліметтер бойынша әлемде әрбір бес минут сайын балалар зорлық-зомбылық салдарынан құрбан болып жатады, деп хабарлады Би-би-си.
БҰҰ-ның мамандандырылған агенттігінде атап көрсеткендей, осы өлімдердің көбі әскери қақтығыстар жоқ бейбіт аумақтарға тиесілі.
ЮНИСЕФ балалар үшін қауіпті факторлар ретінде мыналарды атады: жылдам урбанизация, жастар арасындағы жұмыссыздық пен әлеуметтік теңсіздік.
ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша тек 41 ел ғана балаларға қатысты күш көрсетуге заңнамалық тыйымды бекіткен.