05:51, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
ЮНИСЕФ: Газадағы қарулы қақтығыстар кесірінен барлығы 469 бала қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Газа секторындағы қарулы қақтығыс салдарынан барлығы 469 бала қаза тауып, 3 000-ы жараланды. Бұл туралы БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) Балалар қорынан хабарлады.

ЮНИСЕФ-тің ақпараты бойынша, соңғы екі тәуліктегі атыс-шабыстан кем дегенде 9 бала мерт болды.
«Соңғы деректер бойынша, Газада 469 бала көз жұмды, біздің ммандар бұл сан әлі де артуы мүмкін деп алаңдаушылық танытып отыр», - деді ЮНИСЕФ-тің Газадағы өкілдік жетекшісі Пернилла Айронсайд.
Оның айтуынша, шұғыл түрде 373 мың адамға психологиялық көмек қажет. Қазір Газада ЮНИСЕФ-тің 50 өкілі қызмет етуде.