ЮНИСЕФ: Нигерияда 800 мыңдай бала босып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстік-шығысында 800 мыңға жуық бала «Боко Харам» лаңкестер тобының жасаған шабуылдары салдарынан үйлерінен босып кетуге мәжбүр болды, деп хабарлады БҰҰ-ның балалар қорынан.

ЮНИСЕФ: Нигерияда 800 мыңдай бала босып кетті

ЮНИСЕФ-тің мәліметтерінше, бір жылдан аз уақыттың ішінде олардың саны екі есе өсті. Көптеген нигериялық балалар зорлық-зомбылықтан Чад, Нигер немесе Камерунға қашып жатыр.

Ұйымның баяндамасы содырлардың Чибок қаласында 200-ден астам оқушы қызды ұрлау кезінен бір жыл уақыт өткеніне орайластырылған.

ЮНИСЕФ өкілдерінің айтуынша, Чибоктағы қайғылы оқиға - бүкіл Нигерияда орын алған көптеген оқиғалардың бірі ғана.