Юнус-Бек Евкуров Ингушетия президенттігіне оралды

АСТАНА.  Тамыздың  13-і. ҚазАқпарат - Юнус-Бек  Евкуров Ингушетия  Президенті міндетін атқаруға      кірісті.    Ресей  Федерациясының   Президенті   Дмитрий Медведев    Ингушетия   басшысы міндетін  уақытша атқару  туралы 

Юнус-Бек  Евкуров Ингушетия  президенттігіне  оралды

шілденің  3-індегі  жарлықтың күші  жоқ    деп тану  туралы   жарлыққа  қол қойды,  деп хабарлайды  «Эхо Москвы» радиостансасы.

Сол жолы   республика президентінің міндетін атқарушы  болып Рашид Ғайсанов тағайындалған болатын.  Евкуров    өзіне  жасалған қастандықтан  кейін  емделген  ауруханадан   дүйсенбі күні  жазылып  шықты.