Юнус Эмре институты Астанада «Махаббат саған ұқсайды» фильмін ұсынады
2017 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға байланысты Астана қаласындағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы Түркия Республикасы елшілігінің қолдауымен түрік фильмдерін ай сайын жұртшылыққа ұсынуды ұйымдастырып келеді. Осы шара аясында Астанадағы Керуен орталығында 30 қыркүйек күні сағат кешкі 17:00-де «Махаббат саған ұқсайды» атты фильмі көрсетілмек.
2014 жылы түсірілген «Махаббат саған ұқсайды» фильмінің басты рөлінде Фахрие Эвджен мен Бурак Озчивит ойнайды. Махаббат тарихын тербеткен кинотуындының премьерасы 2015 жылдың 23 қаңтарында өткен болатын.
Кинодағы оқиғалар желісі негізінен кішкентай Мугле қалашығындағы теңіз жағалауында, балмұздақ сатушы Дениз бен балықшы Әли арасында өрбиді. Өзінің өткен өмірін ұмытып, жаңа өмір бастау мақсатында Муглеге келген Дениз балмұздақ-кафесіне жұмысқа орналасады. Күндердің бір күні балықшы мен сатушының жолдары түйіседі. Бір көргеннен Денизге ғашық болған Әлидің іңкәрлық сезімі мәңгілік махаббатқа ұласады.
Фильм орыс тіліндегі субтитрмен түрікше көрсетілмек. Келушілерге есік ашық.