ЮНВТО Қазақстанды туризм үшін ең тартымды ел етудің жолдарын атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымның (ЮНВТО) бас хатшысы Талеб Рифаи Қазақстанда туризм саласын дамыту бағытында өзінің ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Туризм - Қазақстанның болашағы. Қазақстан үшін бұл саланың әлеуеті жоғары. Туризмді алға жылжыту үшін не істеу керек? Есы ретте ескеруді қажет ететін үш негізгі пункті ұсынғым келеді»,-деп тоқталды Талеб Рифай.
Оның пікірінше,біріншіден, Қазақстанға сапарлау жылдам, арзан әрі жеңіл болуы тиіс. Ол үшін шетелдіктерге қазақстандық визаны алу шараларын жеңілдету керек.
«Бұл тұрғыда визаны алып тастауды сұрап отырғанымыз жоқ, бірақ та визаға қол жеткізуді қарапайым ету керек. Біз 100 пайызға электронды виза тұжырымдамасын қолдаймыз, яғни адамдар онлайн режімде визаға өтінім бере алады. Себебі туристер елшілікте немесе консулдықта кезекте тұруды, бірнеше күн бойы жауапты күткенді қаламайтыны анық. Визаға электронды нұсқада өтінім беру - ол қауіпсіздеу әрі қолайлы. Бұл өз кезегінде элекронды билет алғанмен бірдей. Сіздерді осы мәселені зерттеуге шақырамын. Атап айтқанда, саяхаттаудың қауіпсіздігі мен жеңілдігі бірне-бірі қайшы емес, керісінше саланы оңтайландыруға жол ашады»,-деп тоқталды ЮНВТО бас хатшысы.
Бұдан бөлек ол шетел әуе рейстері санын арттыра отырып, Үкіметке әуе кеңістігін барынша ашуға кеңес берді.
«Әрине, бір мезетте барлық әуе қатынастарын ашу мүмкін емес. Өздеріңіз үшін екі-үш жылдық мерзімді белгілеп, әуе байланыстарын ашық етіңіздер»,-деп ұсынды Т. Рифаи.
Оның сөзіне қарағанда, екіншіден, әлем елдері Қазақстан жайында толық біле бермейді, сондықтан республика дүниежүзі бойынша оңды имиджге инвестиция салудан тартынбауы тиіс. Бұл ретте трузимді алға жылжыту мен маркетингке инвестицияны үнемі бағыттап отыру қажет.
«Сіздер инфрақұрылымға, әуежайлар мен жолдарға қыруар қаржы инвестицияладыңыздар. Енді Қазақстанның имиджін нығайтуға инвестиция салу керек»,-дейді ол.
ЮНВТО бас хатшысының пайымынша, Қазақстан стратегиясында үшінші екпінді қызметкерлер құрамын оқытуға қоюы тиіс. Осы орайда қажетті курстарды қамтамасыз етіп, дұрыс білім беріп, тиісті саясатты қалыптастыру керек.
«Қазақстан әлемдегі ең үздік туристік бағыт болуы үшін қолдау жасауға әзірміз. Сондықтан Қазақстан халықаралық туризмнің жұлдызы бола алмайды деуге еш негіз жоқ»,-деп қадап айтты Талеб Рифаи.