Юрий Дудь Ресейде сырттай қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM – Мәскеудің Басманный соты шетелдік агент ретінде өз міндеттерін орындаудан жалтарды деп айыпталған журналист Юрий Дудьті сырттай қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды ТАСС.
Соттың баспасөз қызметі қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы Дудь Ресейге экстрадицияланған немесе елде ұсталған сәттен бастап екі айға тағайындалғанын түсіндірді.
Құқық қорғау органдарындағы ТАСС дереккөздері нақтылағандай, журналиске халықаралық іздеу жарияланды.
Юрий Дудьті Әділет министрлігі 2022 жылдың 15 сәуірінде шетелдік агенттердің тізіліміне енгізген.
Айта кетейік, Ресейде орыс тілін білмейтін мигрант дәрігерлер мен жүргізушілер жұмысқа қабылданбайды.
Ақпаратты Kazinform агенттігіне арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынды.