09:31, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Юрий Гагариннің туғанына 75 жыл толды
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Кеше, наурыздың 9-ы күні Жер шарының тұңғыш ғарышкері Юрий Алексеевич Гагариннің туғанына 75 жыл толды,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл атаулы күнді бүкіл Ресей халқы кеше атап өтті.Бүгін Мәскеу түбіндегі Ұшу сапарларын басқару орталығындағы (Королев қаласы) Гагариннің 75 жылдығына арналған ашық сабақ өтеді, оған «Ресейғарыш» агенттінің басшысы Анатолий Перминов, ғарышкерлер, ғалымдар, конструкторлар, оқушылар мен студенттер қатысады. Осындай ашық сабақтар сондай-ақ Жұлдызды қалашықтағы Ғарышкерлерді әзірлеу орталығында, Мәскеудегі бірқатар жоғары оқу орындарында ұйымдастырылады. Юрий Алексеевич Гагарин ? КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры. Ол 27 жасында, 1961 жылы сәуірдің 12-сінде адамзат тарихында тұңғыш рет ғарышқа ұшып, аты әлемдік тарихта қалған тұлға. Батыр 1968 жылы наурыздың 27-сінде, небәрі 34 жасында опат болды.