Юрий Ильин өрт сөндірушілердің әлеуметтік жағдайы қалай жақсаратынын айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіріп жатқан мамандармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысы тікұшақпен аралап шыққан кезде біз бен сіз тап болып отырған бүкіл проблемалық мәселелерді айттым. Бұл - ең алдымен жалақының төмендігі, әлеуметтік топтаманың жоқтығы. Сіздер қызметке келген кезде үйден алып келген азық-түлікпен тамақ жасап ішесіздер. Мемлекет басшысы қолдап, Үкіметке жалақыны көтеру мәселесін қарастыруды тапсырды. Сондықтан ертең Үкімет отырысы болған кезде жалақыны кезең-кезеңімен көтеруге күш саламыз. Бірден көп ақша болады деп айта алмаймын. Ол еш уақытта көп болмайды», - деді министр.

Сонымен қатар Юрий Ильин Қорғаныс министрлігі қызметкерлері сияқты өрт сөндірушілер де пәтер жалдауға өтемақы алуы, төтенше жағдайлар кезінде тамақпен қамтамасыз етілуі сынды мәселелер де қарастырылатынын айтты.
«Материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесін де қайтадан тағы бір қараймыз. Яғни, жаңа техникамен, киім-кешектен жабықтау үнеуі жаңартылып отыруы керек. Мемлекет басшысы осындай тапсырмалар берді. Біздің бөлімшелеріміздің жұмысын жоғары бағалады», - деді ол.