Юрий Ильин: Су тасқының болу жағдайлары күрделенуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елді мекендерде су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Юрий Ильин: Су тасқының болу жағдайлары күрделенуі мүмкін

«Күннің күрт жылынуы, қардың қарқынды еруі, сондай-ақ мол жауын-шашын жағдайында елді мекендерде су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін. Осыған байланысты министрлік авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобын құрды»,- деді ол.

Оның айтуынша, халықты хабардар ету мәселелері пысықталды.Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде шатырлы лагерьлер дайындалды. Күштер мен құралдарды жедел жіберу, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау үшін Қазавиақұтқару әуе кемелері үнемі дайын.

«Жағдай нашарлаған жағдайда біз резервтік топтардың күштері мен құралдарын көшіруге дайынбыз», - деді министр.