Юрий Лужков қой өсірумен айналысатын болды

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласының бұрынғы мэрі Юрий Лужков оның отбасының иелігіндегі жылқы зауытында қойларды өсіру бойынша үлгілік кәсіпорынды құруды жоспарлауда.

Юрий Лужков қой өсірумен айналысатын болды

Қазіргі уақытта ол бес мың гектар жерді жалға алып, онда бес мың бас қой өсірмек, деп хабарлайды Лента.ру.

Юрий Лужков Мәскеу мэриясын 1992-2010 жылдар аралығында басқарған. Ол қызметінен «сенімді жоғалтқаны» үшін босатылды.