16:02, 30 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Юрий Лужков отставкадан кейін алғашқы сұхбат берді
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков өз отставкасынан кейін алғаш рет сұхбат беріп отыр. Ол New Times журналына саясатта қалғысы келетінін, бірақ президенттен басқа бағытта екенін әңгімелеген, - деп хабарлайды РБК.
Бұрынғы қала мэрі, сондай-ақ, Жоғарғы сотта өзінің жұмыстан босатылғаны жөнінде қарсылық білдіретінін де тілге тиек етіпті. Әзірге журнал сайтында жарияланғаны осы ғана.
Сұхбаттың толық нұсқасын журнал қазанның 4-і күнгі санында жариялауға уәде беріпті.
Мәскеу қаласы мэрінің отставкасы қыркүйектің 28-і күні белгілі болды. Уақытша міндетін атқарушы болып Владимир Ресин тағайындалды. Мәскеу мэрінің орынтағына үміткерлердің тізімін сенбі, қазанның 2-сінде "Біртұтас Ресей» партиясы әзірлеуі мүмкін.