Юрий Лужков жаңа жұмысына кірісті

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков Мәскеу Халықаралық университетінің Ірі қалаларды басқару факультетінің деканы болды,

Юрий Лужков жаңа жұмысына кірісті

деп хабарлайды Лента.ру.

Ю.Лужковты осы қызметке тағайындау туралы бұйрыққа қазанның 1-інен бастап жоғары оқу орнының президенті - Мәскеудің басқа бір бұрынғы мэрі Гавриил Попов қол қойған, деп хабарлайды университет сайты.

Life News хабарлауынша, қазанның 5-інде Ю.Лужков алғаш рет жұмысқа шығып, өзінің жұмыс кабинетінде болған.