Юрмаладағы «Жаңа толқын-2014» байқауында грузиялық әнші Нуца Бузаладзе жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Юрмаладағы 13-ші халықаралық «Жаңа толқын-2014» жас орындаушылар байқауында грузиялық әнші Нуца Бузаладзе бас жүлдені еншіледі.

Юрмаладағы «Жаңа толқын-2014» байқауында грузиялық әнші Нуца Бузаладзе жеңіске жетті

Үшінші жарыс күнінде қатысушылар жанкүйерлер мен қазылар алқасына осы байқауға арнайы жазылған әндерін ұсынды. Екінші және үшінші орындар Украина өкілдері Виктория Петрик пен Вячеслав Рыбиковке бұйырды.

«Жаңа толқын-2014» байқауы Юрмаланың «Дзинтари» концерттік залында өтуде және бүгін, 27 шілдеде аяқталады.

Биыл оған әлемнің 13 елінен 16 жас орындаушы қатысуда: Армения, Германия, Грузия, Израиль, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдавия, Ресей, АҚШ және Украина.