Юрмаладан қазақстандық балет бишілері 3 "алтын" иеленіп қайтты
АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған балет мектебінің тәрбиеленушілері Юрмалада (Латвия) өткен «Арабеск-2012» Халықаралық хореографиялық фестиаваль-байқауда 3 алтын медаль олжалады.
«Шығыс Қазақстанның дарынды балаларға арналған облыстық балет мектебінің тәрбиеленушілері «халықтық» және «классикалық» аталымында 4 нөмір көрсетіп 3 алтын медаль жеңіп алды», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығынан.
«Арабеск» фестивалі биыл 12-ші рет 900 оқушының қатысуымен өтті.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстанның жас балет бишілері жауырда Болгарияда өткен басқа Халықаралық байқаудан 2 алтын және 1 күміс медаль олжалап келді.