Ющенко Конституцияға өзгертулерді талқылауды референдумға шығару туралы жарлыққа қол қойды
КИЕВ. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Украина президенті Виктор Ющенко бүгін ел Конституциясына өзгертулерді талқылауды бүкілхалықтық референдумға шығару туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Бүкілхалықтық талқылау 2009 жылғы желтоқсанның 1-інде өтпек, деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.