Ющенко ТМД саммитіне қатыспайтын болды
АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Ющенко Грузия құрамынан ресми шыққан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының саммиттеріне бұдан былай қатыспау туралы шешім қабылдады,
деп хабарлайды Utro.ru сайты.
Атап айтқанда, дерек көздердің айтуынша, Виктор Ющенко қазанның 9-ында Кишинэуде өтетін Достастық саммитіне бармайтын болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылғы тамыздың 18-інде Грузия Достастық аясынан ресми шығып отыр.