Ющенконың рейтингі күрт төмендеп кетті

КИЕВ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат –Украинада қоғамдық пікір сауалнамасының қорытындысы бүгін таныстырылды.

Ющенконың рейтингі күрт төмендеп   кетті
Сауалнама қорытындысына сәйкес, ел халқының 90 пайыздан астамы президент Виктор Ющенконың жұмысына қанағаттанбайтын болып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Сауалнаманы жүргізген «ФОМ-УКРАИНА" компаниясы бас директорының айтуынша, бұрын-соңды ешкімнің рейтингі мұншалықты құлдырамаған көрінеді.