«Юстиция кеңес береді» акциясының аясында 22 624 азамат пен заңды тұлғаларға құқықтық көмек көрсетілді - Әділет министрлігі
АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - «Юстиция кеңес береді» республикалық акциясының аясында 22 624 азамат пен заңды тұлға құқықтық көмек алды,
деп хабарлады бүгін Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
Акция барысында халықпен кездесулер, жиындар өткізілді, кәсіпорындарда, оқу орындарында кездесулер, қабылдаулар ұйымдастырылды.
16 627 хаттың 5 105-і бойынша шешімдер шығарылды, 12 821 адамға түсіндірулер берілді, қалған өтініштер әлі қаралуда, деп атап көрсетеді баспасөз қызметіндегілер.
Министрліктен хабарлағандай, қазанның 20-22-сі аралығында өткізілген бұл шараның мақсаты - ел азаматтарына құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беру болды.