«Ювентус» Чемпиондар лигасының бірінші жартылай финалында «Монаконы» жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының бірінші жартылай финалында италиялық клуб өкілдері сенімді түрде жеңіке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ойынның алғашқы минуттарынан бастап, футболшылар бір-біріне шабуылдаумен болды. Арада жарты сағат өткенде Гонсало Игуаин Дани Алвестен алған пасты қақпаға дұрыс бағыттап, «Ювентусты» алдыға шығарды. Есеп: 0:1.

Үзілістен соң осы жағдай тағы қайталанды. Алвестің өте әдемі берген пасын Игуаин тағы қақпаға дәл бағыттады. Есеп 0:2. Жартылай финалдық қарымта кездесу Туринде 9 мамыр күні өтеді. Ал, «Монако» футболшыларына финалға өту үшін «ерлік» пара-пар әрекет жасау қажет болады.

Соңғы жаңалықтар