З.Дияс Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы С. Уильямспен кездесетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан ірі халықаралық турнирдің үшінші айналымына шықты.

З.Дияс Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы С. Уильямспен кездесетін болды

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина хорватиялық Донна Векичті 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Биыл осымен З.Дияс Д.Векичті екінші рет жеңіп отыр.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, атақты американдық Серена Уильямспен шеберлік байқасады. Ол бүгін румыниялық Моника Никулескуді 7:5, 7:5 есебімен ұтты.

Айта кетейік, жүлде қоры 5,4 млн. АҚШ долларына жуықтайтын осы турнирдің үшінші айналымына шығу үшін тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бүгін сербиялық, әлемнің алтыншы ракеткасы Ана Ивановичпен кездеседі.