З.Дияс пен Я.Шведова Федерация кубогының бірінші тобының финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының теннисші қыздары Федерация кубогының бірінші тобының (Азия/Мұхит аймағы) финалына шықты, деп хабарлайды Sports.kz.

З.Дияс пен Я.Шведова Федерация кубогының бірінші тобының финалына шықты

Бұл жолғы жерлестеріміздің қарсыластары Таиланд құрамасы болды. Бірінші кездесуде Ярослава Шведова Пеангтхан Плипхечтен басым түсті - 6:7, 7:5, 6:2, ал екінші матчта Зарина Дияс Ничу Летпитаксинчай есімді қарсыласын айқын басымдықпен ұтты - 6:0, 6:0.

Бірінші топтың финалдық ойындарында жерлестеріміз жапондық теннисші қыздармен бақ сынасады. Кездесу ертең - 7 ақпанда өтеді.