З.Дияс тағы да С.Халептен өте алмады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыққан қазақ теннисшісі Зарина Дияс әлемнің үшінші ракеткасы румыниялық Симона Халептен айласын асыра алмады.

З.Дияс тағы да С.Халептен өте алмады

Екі партияда С.Халеп 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Зарина Австралияның ашық чемпионатында да осы теннисшіден ұтылған болатын. Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, қазақстандық Ярослава Шведова мен неміс қызы Сабина Лисицкидің бәсекесінде неміс қызы 6:3, 3:6, 6:4 жеңіске жетті.

Енді ширек финалда Лисицки Симона Халеппен сайысқа түседі.